Сирия оппозициясы материалдық-техникалық қолдау көрсетуге дайын

904

Сирия оппозициясы материалдық-техникалық қолдау көрсетуге дайын

Сирия оппозициясының Келіссөздер жоғары комитеті (КЖК) Twitter-дегі ресми парақшасына осы айдың  соңында өтетін Астанадағы бейбіт келіссөздерге қарулы топтар ұсынатын делегацияны қолдайтынын жариялады.

Мәлімдемеде оппозиция әскери делегацияға қажетті материалдық-техникалық қолдау көрсетуге дайын екенін атап көрсетті. Сонымен қатар

Қазақстандағы келіссөзде талқыланатын ұсыныстарды және бұл кездесуді Женевада өтетін саяси келіссөздерді жаңартуға арналған алдын ала жасалған қадам деп қарастыруды қолдайтындарын жеткізді.

Мәлімдемеде саяси мәртебе туралы келіссөзге араб және халықаралық топтар, "әсіресе Сириямен көршілес елдер" қатысуы қажет екендігі нақтыланған.

Айта кетейік, келіссөз 23 қаңтар күні Астанада өтеді. Оған Түркия, Ресей мемлекеттерінің де делегациясы қатысады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу