Сирияның қарулы оппозициясының бір топ өкілі мен түрік делегациясының бір тобы Астанаға табан тіреді, деп хабарлайды "Интерфакс".
Делегация Ыстанбұлдан "Түрік әуе желілері" рейсімен ұшып келді.
Бұған дейін хабарланғандай, Сирия жөнінде келіссөздің екінш кезеңі Астанаға Сирия оппозициясы өкілдерінің, сондай-ақ түрік делегациясының келмеуі себебінен бір күнге шегерілген болатын. Кейбір деректер бойынша, олар ауа райының қолайсыздығына байланыстыы кідірген. Сирия жөніндегі кездеу шеңберіндегі "Астана-2" пленарлық отырысы бейсенбі, 16 ақпанға ауыстырылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу