Сирия өз мемлекеттігін күшейтеді деп сенеміз – Мәулен Әшімбаев

159

Жақында бұл елдің билік басында ауыс-түйіс болды. 

Сирия өз мемлекеттігін күшейтеді деп сенеміз – Мәулен Әшімбаев Фото: canva.com

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Сириядағы жағдайға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер Сенат спикерінен "Қазақстан Сирияның қазіргі жағдайын қалай қадағалап отыр? Қазіргі биікті мойындауға компромисс табуға бола ма?" деп сұрады.

"Сириядағы қалыптасқан жағдайды, соңғы он жылда болған оқиғалар, үрдістер, қақтығыстарды өздеріңіз де жақсы білесіздер. Ол үлкен трагедия. Сирия – тарихи жағынан бай өркениеттердің бірі. Өкінішке қарай, соңғы 10-15 жылда осындай қақтығыстардың нәтижесінде халықтың жағдайы өте қиын болғаны жасырын емес. Көп адам босқын болып басқа мемлекеттерге кетті, көбі қаза болды. Сирия деген алыс жердегі жағдай деп қарамаңыздар. Кезінде ол жерде біздің бабаларымыз да болған. Дамаскіде Әл-Фараби бабамыздың кесенесі бар. Сирияда Сұлтан Бейбарыстың да кесенесі бар. Сирия деген біз үшін абстрактілі, алыс мемлекет емес. Адамзат өркениетіндегі үлкен жолы болған мемлекет", - деді Мәулен Әшімбаев.

Сөзінше, ел билігі Сириядағы жағдайды бақылап отырады. 

"Біздің Сыртқы істер министрігіміз бар. Сириядағы жағдай тұрақтанып, соғыс аяқталып, қақтығыстар тоқтап, әрі қарай тұрақты түрде дамиды деп сенеміз. Сондықтан әрі қарай көреміз. Қазір былай болады деп жағдайды айту қиын. Өйткені әртүрлі күштер бар. Экстремистік күштер де бар. Сол себепті әрі қарай қалай болатынын көреміз. Сирия өз мемлекеттігін күшейтеді деп сенеміз", - деді Сенат төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу