Сирия процесінің кезекті раундының уақыты белгіленді

578

Астана келіссөздері 2017 жылдан бері жүргізіліп келеді. 

Сирия процесінің кезекті раундының уақыты белгіленді

Нұр-Сұлтан тағы да Сирия қақтығысы бойынша келіссөздер алаңына айналады. Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Богдановтың хабарлауынша, кезекті раунд 1 жәні 2 тамызға белгіленген, деп хабарлайды Atameken Business.

Бұған дейін Таяу Шығыс ахуалын реттеу жөніндегі үшжақты жиын Түркия территориясында өтеді деп айтылған еді. Бұл туралы маусым айында ресми Анкара өкілі Ибрагим Қалымның мәлімдемесі болған. Бірақ тараптар келіссөз алаңын өзгертусіз қалдыруды ұйғарыпты.Оған әдеттегідей, Иран, Ресей Түркия және Сирия билігі мен оппозициясы қатар шақыртылмақ.

Жалпы Сириядағы қақтығыс 2011 жылы басталған, ал Астана келіссөздері 2017 жылдан бері жүргізіліп келеді. Әзірге нәтижесіз. Тек кепілге алынған адамдарды босату құжаты ғана бекітілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу