Сирия Түркияның әрекеті тікелей әскери қақтығысқа жеткізетінін ескертті

869

Дамаск Түркияның Сирияның солтүстігіндегі әскери шабуылдарын айыптап, одан кейінгі соққылар екі ел әскерлерінің тікелей қақтығысына әкелуі мүмкін екенін айтты.    

Сирия Түркияның әрекеті тікелей әскери қақтығысқа жеткізетінін ескертті Фото: cdn.iz.ru

Бұл туралы Сирия Парламенті мәлімдеді. Сирия Парламенті халықаралық комитеті төрағасының орынбасары Аммар Әл-Асад "Известияға" Дамаск "Сирияның солтүстігінде түрік операциясына бейжай қармайтынын" айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Кез-келген соққы - Сирияның солтүстігіндегі түрік оккупациясының жалғасы. Біздің армия өз жерінде, оның міндеті - өз отанын және ондағы азаматтарды жаудан қорғау", - деп атап өтті саясаткер.

"Егер Түркияның мақсаты шынымен де "террористерді жою" болса, онда олар Сирия үкіметімен тікелей келісуі керек", - деп мәлімдеді Араб Республикасы Парламентінің тағы бір депутаты Муханнад әл-Қажы.

"Осы уақытқа дейін Түркия түрік және Сирия армиялары арасындағы әскери үйлестіруді қамтамасыз ете алмады, нәтижесінде бейбіт тұрғындар зардап шегіп келеді. Олар Ресей мен Иранның қатысуымен Сирия мен Түркия арасындағы қарым-қатынасты қалпына келтіруге кеткен барлық күш-жігерді жоққа шығарды", - деп атап өтті ол.

Дамаск Түркиядағы билеуші Әділет және даму партиясын Сирия армиясымен тікелей келісе отырып әрекет етуге шақырады, "әйтпесе Сирия бұл шабуылдарды елдің тәуелсіздігіне нұқсан келтіру деп санап, оған барлық қол жетімді құралдармен, соның ішінде қарулы күрестермен жауап беретін болады".

Муханнад әл-Қажы Сирия мен түрік әскерлері 2020 жылы Саракиба ауданында Идлиб аймағында соғысып, "түрік армиясы адам саны бойынша, техникалық жағынан болсын үлкен шығынға ұшырағанын" еске салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу