Сирия үкіметі химиялық қару қолданды деп айыпталуда

2032

Сирия үкіметі химиялық қару қолданды деп айыпталуда

Сирияның Дума қаласында химиялық қару қолданылды деген ақпарат тарап жатыр. Интернет желісінде улы заттан зардап шеккен адамдар бейнеленген видео пайда болды, деп хабарлайды 24.kz.

Көтерілісшілердің айтуынша, үкімет әскері елді мекенге улы жарылғыш зат лақтырған. Салдарынан кемінде 35 адам қаза тауып, жүздеген кісі жарақат алған.

Алайда ресми Дамаск тағылған айыпты мойындамай отыр. "Бұл жалған ақпаратты Джейш аль-Ислам тобының содырлары таратып отыр", – дейді жергілікті билік. Ондағы мақсат – үкімет әскерінің шабуылына кедергі келтіру.

Айта кетейік, қазір Сирия әскері Дума қаласы маңында радикалдарға қарсы операция жүргізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу