Сирия Украинамен арадағы дипломатиялық қатынасты үзді

745

Киев Сирияға қарсы сауда эмбаргосы мен санкциялар енгізеді.

Сирия Украинамен арадағы дипломатиялық қатынасты үзді

Сирия Украинамен арадағы дипломатиялық қатынасты үзді, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. Бұған дейін ресми Киев осындай шешім қабылдаған еді. 

Украина тарапы бұл елмен байланыстың тоқтатылатынын маусым айының соңында жариялады. Киевтің мұндай қадамға баруына Сирияның ДХР мен ЛХР егемендігін мойындауы себеп болды. Тіпті Киев Сирияға қарсы сауда эмбаргосы мен санкциялар енгізетінін мәлімдеді.

Өйткен айдың соңында Сирияның СІМ-і қос квазимемлекеттік құрылымның егемендігін мойындаған болатын. 21 ақпанда Ресей Президенті Владимир Путин олардың дербестігін тану туралы жарлыққа қол қойды. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу