Сирия жөнінде техникалық кездесу Астанада 6 ақпанға жоспарланған – Де Мистура

805

Сирия жөнінде техникалық кездесу Астанада 6 ақпанға жоспарланған – Де Мистура

Сирия жөнінде жуырда өткен келіссөзді талқылау бойынша техникалық кездесу БҰҰ-ның қатысуымен 6 ақпанда Астанада өтеді, деп мәлім етті БҰҰ бас хатшысының Сирия жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистура. Бұл туралы "Интерфакс" жазып отыр.

"Осы механизмді тағайындау (оқ атуды тоқтату – ИФ) бойынша талқылайтын техникалық кездесу 6 ақпанда Астанада өтеді", – деді ол журналистерге сейсенбі күні Сирия жөніндегі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жабық отырысының қорытындысы бойынша.

Дипломаттың мәлімдеуінше, БҰҰ өкілдері аталмыш кездесуге қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу