Сирия жөніндегі резолюция қабылданды

744

Сирия жөніндегі резолюция қабылданды

БҰҰ адам құқықтары жөніндегі кеңесі Еуроодақ елдері бастамашы болған Сирия жөніндегі резолюцияны қабылдады, деп хабарлайды kazislam.kz.

Құжат бірқатар елдің, атап айтқанда ресми Дамаск, Ирак, Қытай, Куба мен басқа да мемлекеттің қарсылығына қарамастан Женева сессиясында қабылданды. Резолюцияда Сирия үкіметі тарапында террористік топтар соғысып жатқаны жазылған. Бұдан бөлек, қос тарапта да адам құқығы бұзылып жатқаны қатаң айыпталған.

Сонымен қатар, құжатта халықаралық деңгейде талқылануға тиісті мәселе – "Сирия билігінің химиялық қаруды қолдануды жалғастырып келе жатқаны" да атап өтілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу