Сирияда 71 бейбіт тұрғын қаза тапты

763

Сирияда 71 бейбіт тұрғын қаза тапты

Сирияның Шығыс Гута аймағында үкімет әскерінің бомбалауынан соңғы 1 күн ішінде 71 бейбіт тұрғын қаза тапты. Тағы 320-дан астам адам жараланған. Бұл туралы Лондонда орналасқан Сириядағы адам құқықтарын бақылаушы орталық мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, үкімет жасақтары оппозициялық күштер бекінген өңірдегі қалаларға әуеден соққы беріп, зеңбіректермен атқылаған. Бірақ әскерилер бұл жайында әлі жақ ашпай отыр. Ал үкімет әскері Дамаскке жақын жатқан бұл аймақты 2013 жылдан бері қоршауда ұстап, шабуылдап келеді. Соңғы айларда оппозиция жасақтарына қарсы қимыл үдеген. Ресми мәліметке қарағанда, қоршаудағы өңірде өмір сүріп жатқан тұрғындардың саны 400 мыңнан асады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу