Сирияда 85 мыңнан аса адам ұшты-күйлі жоғалған

873

Сирияда 85 мыңнан аса адам ұшты-күйлі жоғалған

Сирияда соғыс басталған кезден 2017 жылдың қыркүйек айында дейін азаптаудан 104 мың адам көз жұмған. Бұл жайында сириялық құқық қорғаушылар желісінің (SNHR) есебінде айтылды, деп хабарлайды islam.kz.

Құқық қорғаушылардың дерегіне қарағанда, соғыс өрті тұтанған 2011 жылдың наурыз айынан осы уақытқа дейін азаптаудан көз жұмғандар арасында 13 мың бала мен 57 мың әйел болған.

Айта кетейік, аталған уақыт аралығында Сирияда 106 727 адам тұтқындалған, олардың 90,15 пайызы, яғни, 85 036 адам мүлде хабар-ошарсыз кеткен. Біріккен ұлттар ұйымының келтірген мәліметі бойынша 400 мыңнан аса адам опат болған, 10 млн-нан аса сириялық бас сауғалап, босып кеткен. 4,8 млн босқын Сирия аумағынан тысқары жерге кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу