Сирияның солтүстігіндегі Идлибке жасалған әуе соққысынан 25 адам қаза тапты. Оның 14-і бала, деп хабарлайды 24.kz.
Ақпаратқа сәйкес, әуе соққысы таяуда Дамаскінің бас сот ғимаратында болған жойқын жарылыстан кейін жасалған. Бұл жағдайды әзірге ешбір топ мойнына алған жоқ. Тек құрамында салафия бағытын ұстанушы содырлар бар Ахрар аль Шам қарулы тобы бұл оқиғаны айыптап, мәлімдеме жасаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу