Сирияда әуеден жасалған шабуылдан 17 адам қайтыс болды

719

Құрбандар саны бұдан да артуы мүмкін. Себебі ауыр жарақат алған 27 бейбіт тұрғынның халі нашар.

Сирияда әуеден жасалған шабуылдан 17 адам қайтыс болды

Сирияның солтүстік-батысындағы лаңкестер басып алған орталыққа Ресей әскері жасаған әуе шабуыл салдарынан 17 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Atameken Business шетелдік БАҚ-қа сілтемемен.

Жарылыстан соң Идлиб провинциясындағы бірнеше тұрғын үйдің қирағаны анықталды.

Қаладағы азаматтық қорғанысқа жауапты Ахмад Язиджидің айтуынша, оқиға құрбандардың саны бұдан да көп болуы мүмкін. Себебі ауыр жарақат алған 27 бейбіт тұрғынның халі нашар.

Жергілікті тұрғындар Ресей-Иран-Түркия арасында арнайы келісім жасалғанына қарамастан, Сирияның солтүстігінде орналасқан аудандарға Ресей әскері тарапынан еш себепсіз шабуыл жасау жиілеп кеткенін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу