Сирияда химиялық қару қолданғандар әлі жазаланбай келеді

803

 Сирияда химиялық қару қолданғандар әлі жазаланбай келеді

Сирияның Идлиб провинциясына адам өміріне қауіп төндіретін химиялық зат толтырылған екі бомба түскен. Осының салдарынан 11 адам зардап шегіп, ауруханада жатыр. Бұл туралы "Сирияның азаматтық қорғаныс" ұйымы Twitter-дегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды 24.kz.

Алдын ала болжам бойынша тікұшақтан тасталған бомбалар хлормен толтырылған. Осыған байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі арнайы отырыс өткізді. Кеңес мүшелері бүгінге дейін Сирияда химиялық қарудың қолданылуына жауаптыларды жазалайтын қарарды қабылдай алмай келеді. Әдеттегідей бұл жолы да АҚШ ортақ байламның жасалмауына Ресейді айыптады. Ал ресейліктер "Вашингтон жалған деректерге сүйеніп, жала жауып отыр" дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу