Сирияда қанша қазақ бар?

248

ҚР Сыртқы істер министрлігі кейбір қазақстандықтардың неліктен тұрақсыз саяси жағдайда қалуды таңдағанын түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сирияда қанша қазақ бар? Фото: gov.kz

Сыртқы істер министрлігі бүгін Сирияда еліміздің 33 азаматының қалғанын хабарлады. Олардың көбі кезінде Сирия азаматтарына тұрмысқа шығып, балалы болған қазақ әйелдері.

"Осы республикада төңкеріс басталған кезде біздің консул олармен байланысқа шығып, үйлеріне қайтқылары келе ме деп сұрады. Қазақстанға қайтқысы келетіндер қазір елде. Дипломаттар қалғандарымен тұрақты байланыста", — делінген СІМ мәлімдемесінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу