Сирияда лаңкестік топ құрамында болған қазақстандық Түркиядан Қазақстанға жеткізілді

415

Ерікті түрде берілу фактісі тергеу барысында ескерілетін болады.  

Сирияда лаңкестік топ құрамында болған қазақстандық Түркиядан Қазақстанға жеткізілді Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

10 қарашада ҰҚК қызметкерлері 2013 жылдан бері Сирияда террористік топтар құрамында болған ҚР азаматын Түркиядан Қазақстанға жеткізгенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның радикалдық идеялардан көңілі қалғаны, өз еркімен террористік әрекеттен бас тартып, Түркияға өткені және отанына оралу үшін билік өкілдеріне берілуді шешкені белгілі.

Өзінің әрекетімен ол басқа содырларға олардың одан әрі террористік белсенділік аймақтарында болудың келешегі жоқ екенін көрсетпек болды.

Қазақстанға келгеннен кейін ол қамауға алынды.

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 257-бабы (террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу) бойынша қылмыстық іс тергеп-тексерілуде.

Ерікті түрде берілу фактісі тергеу барысында ескерілетін болады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу