Сирияда Ресей әскері жасаған әуе шабуылынан 18 адам жан тапсырды

852

Әскерилер елдің үш қаласындағы "Әл-Каидамен" байланыс орнатқан лаңкестердің көзін жоймақ болған. 

Сирияда Ресей әскері жасаған әуе шабуылынан 18 адам жан тапсырды

Сирияның солтүстік-батысындағы Алеппо провинциясына Ресейдің қарулы күштері жасаған әуе шабуылы салдарынан 18 бейбіт тұрғын қайтыс болды, деп хабарлайды Atameken Business.

Оның он шақтысы – кішкентай бала. Жараланғандар жиырмадан асады.

Әскерилер елдің үш қаласындағы "Әл-Каидамен" байланыс орнатқан лаңкестердің көзін жоймақ болған. Қазір осы аймақты мекендеген халық Түркияға қарай көшіп жатыр.

Сирияда соғыс басталғалы 380 мың адам ажал құшты.

Мәскеу мен Дамаск бейбіт тұрғындар зардап шеккенін мойындамайды. Олар Алепподағы жергілікті содырлармен күресіп жүрміз дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу