Ресей әскери ғарыштық күшінің алты бомбалаушы ұшағы Сирияның Абу-Кемаль ауданында шоғырланған лаңкестерге әуеден соққы жасады. Бұл туралы Ресей әскерилері жария етті, деп хабарлайды khabar.kz.
Олар лаңкестердің бекіністері мен техникалары орналасқан жерлерді нысанаға алып, шабуыл жасаған. Содан кейін Ресей ұшақтары аэродромға қайта оралды. Сирия үкіметінің әскерилері болса, Хама шығысында лаңкестерге қарсы операцияларын жүргізіп жатыр.
Бұған дейін Сирия сарбаздарының Ресей әуе күштері көмегімен Абу-Кемаль қаласы маңындағы Хамдан әуежайын содырлардан азат еткендігі жарияланған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу