Сирияда Ресейдің тікұшағы апатқа ұшырады

751

Сирияда Ресейдің тікұшағы апатқа ұшырады

Сирияда Ресей Федерациясының Ка-52 тікұшағы апатқа ұшырап, екі ұшқыш қаза тапты. Бұл туралы Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігі хабарлады, деп жазады egemen.kz.
"Сирия Араб Республикасының шығыс аудандарында жоспарлы ұшу тапсырмасын орындау кезінде ресейлік Ка-52 тікұшағы апатқа ұшырады. Салдарынан екі ұшқыш опат болды", - делінген министрліктің хабарламасында.

Сондай-ақ, іздеу-құтқару тобы екі ұшқыштың мәйітін базалық әуежайға жеткізгенін мәлім етті. Алдын ала болжам бойынша, апатқа техникалық ақау себеп болуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу