Сирияда тұрғын үйлердің 30 пайызы ғана жарамды

691

Сирияда кескілескен шайқас қайта жалғасты.

Сирияда тұрғын үйлердің 30 пайызы ғана жарамды

Үкіметтік әскер қарулы жасақтардың соңғы тірегі саналатын Идлиб провинциясында шабуылға шықты. Жаяу әскер қимылына ауыр артиллерия мен танктер қолдау беріп, Ресей мен Сирия ұшақтары жасақшылардың бекіністерін бомбалап жатыр, деп хабарлайды 24.kz..

Халықаралық қауымдастық өкілдері көптеген бейбіт тұрғынның қазасына әкелуі мүмкін осы шабуылды доғаруды талап етіп отыр. Алайда Дамаск райынан қайтпай тұр.

Жанжалға қатысқан тараптар саны да азайған жоқ. Дональд Трамптың мәлімдемелеріне қарамастан, АҚШ өз әскерін шығаруға асығар емес. Олар кеткен жағдайда өздеріне одақтас күрдтерге шабуыл жасалатынынан қауіптенуде. Елдің солтүстігін өз бақылауында ұстап тұрған күрд жасақтарына қарсы Түркия жаулас.

Ресей ұшақтары да әскери қимылға қатысып отыр. Израиль болса, Иран мен Хезболланың нысандарына дүркін-дүркін соққылар жасап жүр. 

Сириядағы жағдайды ушықтырып отырған тағы да бір мәселе – босып жүрген миллиондаған адам. Оралайын десе, көбінде тұратын баспана жоқ. Құқық қорғаушы ұйымдардың мәліметінше, соғыстан Сириядағы тұрғын үйлердің 70 проценті қираған. Алеппо секілді кейбір қалаларда тіпті бүтін бірде-бір ғимарат қалмапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу