Сирияның солтүстігінде Алеппо провинциясындағы Нейраб қаласында оқ-дәрі жарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Алепподан шығысқа қарай орналасқан Нейраб қаласында оқ-дәрі сақталған үйде жарылыс болып, жеті адам қаза тапты. Сондай-ақ бірнеше адам жарақат алды", – делінген телеарна таратқан хабарламада.
Еске салайық, 2024 жылы қарашаның соңында қаруланған оппозициялық топ сириялық әскерге ауқымды шабуыл жасады. 8 желтоқсанда Сирия астанасы Дамаскте оппозиция күштері президент Башар Асадтың отставкаға кетуін талап етіп, ол елден кетуге мәжбүр болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу