Сирияда жүрген 67 баланың тағдыры не болғаны белгісіз

804

Сирияда жүрген 67 баланың тағдыры не болғаны белгісіз

Сирияға кеткендердің тағдыры белгісіз. Бұл туралы Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Атырау облысы дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды atpress.kz.

Спикердің айтуынша, "отты нүктеге" аттанғандардың дені әйелдер екен. 

"Олардың ішінде отбасымен бірге үдере қоныс аударғандардың саны – 14. Қазіргі таңда бір ғана Атырау облысы бойынша 67 бала соғыс даласында жүр", - деп атап өтті Қайролла Көшқалиев. 

Белгілі болғандай, аталған 67 баланың екеуі он сегізге толған, 34 бала мектеп жасында, қалғандары мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер. Олардың тағдыры белгісіз күйінде қалып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу