Сириядағы 7 мың содыр Ауғанстанға оралды

773

Сириядағы 7 мың содыр Ауғанстанға оралды

Сирияда "Ирак және Левант лаңкестік тобы" талқандалған соң 7 мың содыр Ауғанстанға оралды. Бұл туралы ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы бас хатшысының орынбасары Валерий Семериков Мәскеуде мәлімдеді, деп хабарлайды kazislam.kz.
Халықаралық лаңкестікпен күрес – ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының басты бағытының бірі. Биыл Қазақстан ұйым төрағалығына кіріскені белгілі. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жұмысында қандай нәрселерге басымдық берілетін атап айтқан болатын. 
"Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің әскери саладағы өзара әрекет аясын кеңейту керектігін атап өтті.  Ақпараттық қауіпсіздікті Қазақстан президенті екінші орынға қойса, халықаралық лаңкестікпен күрес үшінші кезекте қарастырылмақ. Біз осыған сай жоспар құрдық. 15-інші ақпанда бұл жоспарды ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Қазақстан Республикасының президентіне баяндамақпыз", - деді ҰҚШҰ бас хатшысының орынбасары Валерий Семериков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу