Сириядағы әскери академияға дрондар шабуылдады

418

Жүзге жуық адам қаза тапты.

Сириядағы әскери академияға дрондар шабуылдады Фото: Myc.news

Хомс қаласындағы әскери академияға ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттарымен шабуыл жасалып, 100 адам қаза тауып, ондаған тұрғын жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Ұшқышсыз басқарылатын дрондар академияның бітіру салтанатты шарасына шабуылдаған. Оған курсанттардың отбасылары қатысып жатқан болатын, қаза тапқандар арасында әйел мен балалар бар.

Сирия әскері оқиғаға "танымал халықаралық күштер қолдайтын лаңкестік топтарды" айыптады.

Болжам бойынша, дрондар  шабуылы Хомс қаласынан солтүстік-батысқа қарай оппозиция бақылайтын аудандардан жасалған.

Сирияның Sana мемлекеттік ақпарат агенттігі Қарулы күштердің бас қолбасшылығының мәлімдемесін таратты. Онда ішінде жарылғыш зат бар бірнеше дрон күндіз өткен бітіру салтанатынан кейін бірден Хомс әскери академиясын шабуылдағаны айтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу