Сириядағы әуе соққыларынан бейбіт тұрғындар қаза тапты

721

Сириядағы әуе соққыларынан бейбіт тұрғындар қаза тапты

Сирияда АҚШ бастаған одақтас елдер мен Ресей ұшақтарының соққысынан ондаған бейбіт тұрғын қаза тапты, деп хабарлайды 24.kz.

Коалициялық күштер Дейр-эз-Зор провинциясын бомбалағанда 23 адам көз жұмған. Олардың 13-і Әл-Букамал қаласын, тағы 7 адам Әл-Хусейни шаһарын атқылаған кезде опат болған. Ал Ресей ұшақтарының Алеппо және Идлиб провинциясын шабуылдауынан 15 бейбіт тұрғын қаза тапқан.

Жергілікті биліктің айтуынша, соққыдан Маарет Херма ауылында 9 бала мен 1 әйел көз жұмса, Ум Кюбра ауылында тағы 5 адам мерт болған. Дәрігерлер Ресей ұшақтары вакуумды бомба қолданған деп күдіктеніп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу