Сириядағы босқындар лагеріне шабуыл жасалды

681

Сириядағы босқындар лагеріне шабуыл жасалды

Сирияда бейбітшілік орнату мәселесі Астанада талқыланып жатқанда лаңкестер босқындар лагеріне шабуыл жасады. Одан кем дегенде 38 адам қаза тауып, 30-дан астамы жараланған.

Сенімді дереккөздер хабарлағандай, шабуылды "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мойнына алған. Оқиға Сирия мен Ирактың шекарасындағы Ражм әл-Салиби бақылау-өткізу пунктіне болды. Онда бірнеше адам өзін-өзі жарып жіберген. Бұл аймақ негізінен АҚШ қолдайтын "Сирия демократиялық күштері" көтерілісшілерінің бақылауында.

Автор: Арай Сүгірбай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу