Сириядағы ДАИШ жетекшісі өлтірілді - Ердоған

838

Бұл туралы Түркия президенті TRT Türk, ATV Avrupa, Euro D, Euro Star және Kanal 7 телеарналарының бірлескен хабарында мәлімдеді.

Сириядағы ДАИШ жетекшісі өлтірілді - Ердоған Фото: AP Photo

Әбу әл-Кураши түрік арнайы қызметінің операциясы кезінде қаза тапты, деп хабарлайды іnbusiness.kz сайты Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

Жақын күндері Сирияда жүргізілген операция барысында ДАИШ лаңкестік ұйымының жетекшісі Әбу әл-Кураши түрік қауіпсіздік күштері қолынан қаза тапты.

Оның айтуынша, Түркияның Ұлттық барлау ұйымы (MİT) лаңкестердің басшысын ұзақ уақыт бойы қадағалап отырған.

Президент Ердоған Түркия террор ұйымдарымен табанды күресін жалғастыратынын баса айтты.

Сондай-ақ, Түркия басшысы Еуропа елдерінде исламофобияның белең алуына да тоқталды.


"Нәсілшілдік, исламофобия және кемсітушілік Батыста қатерлі ісік жасушалары сияқты тез таралуда", - деді ол.

Түркия басшысы Батыс елдері бұл қауіпке қарсы тұрудың тиісті деңгейін әлі де көрсете алмай отырғанын мәлімдеді. Ол Еуропада да мұсылмандар мен мешіттерге қарсы өшпенділік сөздер мен шабуылдардың көбейіп келе жатқанын атап өтті.

"Нәсілшіл топтардың жағымсыз әрекеттері жиілеп кетті, соның ішінде мешіттерді өртеу және қасиетті Құранды қорлау", - деді Ердоған.

Түркия президенті 2000-2007 жылдары 10 адамды, оның ішінде 8 этникалық түрікті өлтірген "Ұлттық социалистік астыртын" топтың қылмыстарына да тоқталды.

"Қажет болған жағдайда біз халықаралық соттарға шағымданып материалдық және моральдық өтемақы талап етеміз", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу