Сирияның шығысындағы Дейр-эз-Зор провинциясында АҚШ әскери күштері орналасқан Коноко газ өңдеу зауытында жарылыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz Сирияның SANA мемлекеттік агенттігіне сілтеме жасап.
"Елдің шығысындағы америкалық оккупациялық күштердің әскери базасы аумағында орналасқан Коноко газ өңдеу зауытында жарылыс болды", - деп жазылған хабарламада.
Жарылыс миномет снарядынан туындауы мүмкін деп хабарлады Израильдің The Jerusalem Post басылымы Дейр-эз-Зор 24 жергілікті ақпарат көзіне сілтеме жасап.
АҚШ-тың қорғаныс министрлігі, өз кезегінде жарылыс АҚШ әскеріне жасалған "жанама шабуылдың" нәтижесі болды деп мәлімдеді. Зардап шеккендер жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу