Соғыс басталған 2011 жылдың наурыз айынан бері Сирияда 26 мыңнан аса бала көктей солған. Бұл жайында сириялық құқық қорғау ұйымының баяндамасында (SNHR) айтылды, деп хабарлайды islam.kz.
Баяндамада келтірілген дерекке қарағанда, 2011 жылдан бері бала құқығын таптауда Сирия әлемде бірінші орынды бермей келеді. Жеті жылға таяп қалған атыс-шабыс пен қарулы қақтығыстан 1 378 мектеп пен балалар бақшасы жермен-жексен болған. 3,2 млн бала білім алу мүмкіндігінен айырылған.
ЮНИСЕФ келтірген мәлімет бойынша бүгінгі таңда әлем бойынша әскери жанжалдан 8,5 млн бала зардап шеккен. Олардың 6 миллионы – сириялық жеткіншектер.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу