Сириядағы қауіпсіздік аймағын құруда проблемалар туындауда

956

Сириядағы қауіпсіздік аймағын құруда проблемалар туындауда

Сириядағы жағдайды тұрақтандыру бойынша Астана процесінің 5-ші раунды жалғасуда. Жиын жабық есік жағдайында өтіп жатыр. Тараптардың екі жақты келіссөздерінде Шамдағы қауіпсіздік аймағы талқыға түсуде. Анығырақ айтсақ, деэскалация аймақтарының нақты тәртібі мен параметрлерін бекіту көзделген.

Жалғас Зейнолла, тілші:

"Жаңа ғана Сирия бойынша 5-ші келіссөздерге қатысушылардың кеңейтілген отырысы басталды. Оған барлық тарап қатысуда. Ал бұған дейін әр тарап өзара екі жақты келіссөздер өткізген болатын. Астанадағы 4-ші келіссөздерде кепіл Ресей, Түркия, Иран елдері Шамның кей өңірлерінде қауіпсіздік аймағын құруға қол қойған еді. Қазіргі таңда екі өңір деэскалация аймағына кірген, ендігі жұмыс Идлиб қаласы мен елдің оңтүстік өңірінде қауіпсіздік режимін орнату. Бұл арада да бірқатар мәселе туындап отырған көрінеді. Айтсар болсақ, проблема қауіпсіздік аймағын бақылау орталығының өкілеттігі мен аталмыш аймақтарда қару қолдану жайы әлі шешімін таппай отыр. Бұған дейін Шам елінде Сирия ынтымақтастық комитетін құру ұсынылған болатын. Жиынға келген Сирия қарулы оппозиция күшінің өкілі Яхер Абдрахимның айтуынша ел басшысы Башар Асад биліктен кетпейінше, ынтымақтастық комитетінің құрылуына оппозиция келісімін бермейтінін мәлімдеді. Кеңейтілген отырыс аяқтала толығырақ айтатын боламыз, әзірге бар ақпарат осы."

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу