Сириядағы соғысты тоқтату үшін Астанада жаңа келіссөз өтуі тиіс

1149

Сириядағы соғысты тоқтату үшін Астанада жаңа келіссөз өтуі тиіс

Біріккен Ұлттар Ұйымының Сирия мәселесі жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистура – Сириядағы зорлық-зомбылықты тоқтату үшін Астанада жаңа келіссөз өтуі тиіс деп санайды.

Оның айтуынша, Астана процесі соғысушы тараптар арасында бітімді сақтауға үлкен сеп болған, деп хабарлайды 24.kz. Сонымен қатар ол Женевадағы кездесудің 5-кезеңінен айтарлықтай нәтиже күтпейтінін жеткізді.

Дегенмен төртінші кезеңінде қозғалған мәселелер осы кездесуде жалғасарына үмітті. Әзірге үкімет пен оппозиция делегациясы бетпе-бет кездесуге көшпеген. Олар келіссөздің төртінші кезеңінде келісілген "Уақытша үкімет құру, сайлау өткізу, жаңа конституция жасау және терроризммен күрес" мәселелерін талқылайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу