Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, депутат Абай Тасболатов Грекияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Александрос Катраниспен кездесті, деп хабарлады мәжілістің баспасөз қызметі.
Тараптар екіжақтың саяси, сауда-экономикалық, парламентаралық және мәдени-ізгілікті байланыстары жайында пікір алмасты. Депутат пен дипломат мемлекеттердің заң шығарушы органдары арасындағы белсенді ынтымақтастық байланыстар жайында ой бөлісті.
Әңгіме барысында Сириядағы жағдайды реттеудегі Астананың рөлі, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелік қызметінің басталғаны және Астанада өтетін "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі де сөз болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу