Сириядағы жарылыстан 14 адам қаза болды

788

Сириядағы жарылыстан 14 адам қаза болды

Сирияның Идлиб провинциясындағы "Ахрар аш-Шам" оппозициялық тобының штаб-пәтері алдында жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды 24.kz.

Салдарынан 14 адам қаза тапты. Бұл туралы Сириядағы адам құқығын қорғау орталығы мәлімдеді. Деректерге қарағанда, денесіне жанкешті белдігін байлаған қаскөй нысан алдына мотоциклмен келіп, жарылғышты іске қосып, өзін-өзі жарып жіберген.

"Ахрар әл-Шам" тобының мүшелері қастандықты өзінің басты бәсекелесі "Әл-Каида" тобының содырлары жасауы мүмкін деп отыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу