Сириядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 3574-ке жетті

725

​Сирияда жойқын жер сілкіністерінен зардап шеккен провинцияларда іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

Сириядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 3574-ке жетті

Іздеу-құтқару жұмыстары зілзаладан зардап шеккен Идлиб, Алеппо, Хама, Лазкие және Тартус провинцияларында жүріп жатыр.

Жергілікті дереккөздердің мәліметінше, Идлиб провинциясында және "Евфрат қалқаны" мен "Зәйтүн бұтағы" операциялары аймақтарында 2 166 адам қаза тауып, 2 950-ден астам адам зардап шекті.

Sana агенттігінің хабарлауынша, Башар Асад режимі бақылауындағы Алеппо, Лазкие, Хама және Тартус провинцияларында 1 408 адам қайтыс болды, 2 341 адам зардап шекті.

Осылайша, Сириядағы табиғи апат құрбандарының жалпы саны 3 574-ке дейін өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу