Сириядан бұрынғы қазақстандық содырдың қызы қайтарылды

544

Қызды қайтару бойынша гуманитарлық операция жарты жылдан астам уақыт бойы жүргізілген.  

Сириядан бұрынғы қазақстандық содырдың қызы қайтарылды Фото: Ult.kz

2023 жылғы 11 наурызда Сириядан Қазақстанға бұрынғы қазақстандық содырдың 7 жасар қызы қайтарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта бала Астана қаласының балаларды қолдау орталығында, психологиялық жай-күйі қанағаттанарлық. Осы сәтте қыз бала медициналық тексеруден өтіп жатыр, оны бейімдеу және оңалту жұмыстары жүріп жатыр", делінген ҰҚК хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, қызды қайтару бойынша гуманитарлық операция жарты жылдан астам уақыт бойы жүргізілді.

Сондай-ақ жақын арада ол туыстарының қатарынан қамқоршыларға берілетіні мәлім болды.

Айта кетсек, 2019 жылдан бастап ҰҚК террористік белсенділік аймақтарынан 518 кәмелетке толмаған баланы, оның ішінде 34 жетім баланы Қазақстанға қайтарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу