Сириядан эвакуациялауға байланысты гуманитарлық операция жалғасады – ҚР СІМ

1030

6 қаңтарда құқық қорғау органдары мен сыртқы істер министрлігі жүргізген гуманитарлық шара нәтижесінде, Сириядан 47 азаматымыз, соның ішінде 30 бала елімізге қайтарылған.

Сириядан эвакуациялауға байланысты гуманитарлық операция жалғасады –  ҚР СІМ

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан азаматтарын Сириядан эвакуациялауға байланысты гуманитарлық операция жалғасатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Өздеріңізге мәлім, осы жылдың ең басты жаңалығы  – мемлекет басшысының тапсырмасымен іске асырылған "Жусан" операциясы болды. Ол операцияның мән-жайы сыртқы істер министрлігінің арнайы баспасөз мәслихатында айтылды. Операция шеңберінде 47 азамат Қазақстанға жеткізілді. Оның отызы 1-5 жас аралығындағы сәби", – деді Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, елге әкелінген сәбилердің дені Сирия аумағында дүниеге келген. Сондықтан, бұл операцияның басы ғана, ол жалғасып жатыр.

"Бұл операция әлі жалғасады. Бірақ, мән-жайын толық айта алмаймыз. Өйткені, бұл операцияда бізге халықаралық ұйымдар мен серіктестер көмектесіп жатыр. Сол себепті, көп ақпарат әлі жұмыс бабында. Түсіністік танытуды сұраймыз", – деді ол.

Еске сала кетсек, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан азаматтарын Сириядан эвакуациялауға байланысты мәлімдеме жасаған болатын. Мемлекет басшысы өз сөзінде атап өткендей, 6 қаңтарда құқық қорғау органдары мен сыртқы істер министрлігі жүргізген гуманитарлық шара нәтижесінде Сириядан 47 азаматымыз, соның ішінде 30 бала елімізге қайтарылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу