"Жусан" операциясы жалғасады. Бірақ атауы өзгереді. Бұл туралы Терроримзге қарсы орталық штабының бірінші орынбасары Сергей Швейки айтты.
"Жусан" гуманитарлық операциясының аясында Сириядан 595 отандасымыздың елге қайтарылғанын білесіздер. Оның ішінде 406 бала бар. Репатриация процесі әлі аяқталған жоқ. Жалғасатын болады. Сондықтан бұл ақырғы мәлімет емес. Халықаралық құқықтар мен мемлекет кепілдендірген террористік әрекеттерді жазалау қажеттігі принципі негізінде 57 адам қылмыстық іске тартылған және тартылып жатыр. Қазіргі уақытта 24 тұлға сотталды. Олардың үкім мерзімі 3-тен 9 жылға дейін жетеді. 11 қыркүйек күні астананың мамандандырылған аудандық соты терроризмге қатысы бар деп айыпталған 14 адамға үкім шығарды", – деген ҰҚК өкілі Сириядан қайтқарылғандарды оңалту шараларының нәтижесіне тоқталды.
"Террористік әрекетке қатыспаған әйелдер мен балаларды реадикалсыздандыру және оңалту жұмыстары ұйымдастырылды. Соның нәтижесінде қазір 22 әйел зайырлы өмір салтына ұстануда. 33 әйел дәстүрлі исламға қайтқан. Қалғандарымен әлі жұмыс жасап жатырмыз. Келесі гуманитарлық операция "Жусан" деп аталмайтын да шығар... Репатриациялау жұмыстары жалғасады. Елге қайтатын азаматтардың саны арта түседі", – деді ол.
Есімжан Нақтыбайұлы