Сириядан Қырғызстанға 31 әйел мен 65 бала қайтарылды

338

"Айкөл-4"  гуманитарлық миссиясы өткізілді.  

Сириядан Қырғызстанға 31 әйел мен 65 бала қайтарылды Фото: Қырғызстан СІМ

Сириядан Қырғызстанға 31 әйел мен 65 бала жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Сирияның солтүстік-шығысындағы арнайы лагерьлерде жүрген Қырғыз Республикасының азаматтарын репатриациялау бойынша "Айкөл-4" гуманитарлық миссиясы өткізілді.

"Қырғыз тарапы Америка Құрама Штаттарының үкіметіне осы гуманитарлық процесті іске асыру үшін арнайы операцияны жүргізуге жан-жақты көмек көрсеткені және логистикалық қолдау көрсеткені үшін, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорына (ЮНИСЕФ) және Халықаралық Қызыл Крест комитетіне қиын жағдайға тап болған азаматтарымызды репатриациялау жөніндегі төртінші ірі науқанды өткізуге жәрдемдескені үшін ерекше алғыс білдіреді", – деп жазылған Қырғызстан СІМ-нің мәлімдемесінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу