Сирияның әр ауданынан жинап алған қырықтан астам адам арнайы рейспен Грозныйға жеткізілді, деп хабарлайды sputniknews.kz.
Шешенстанның Грозный қаласына - 12 әйел мен 29 бала, барлығы 40 адам жеткізілген. Оның бесеуі Қазақстан азаматы, екеуі Өзбекстаннан, өзгесі - ресейліктер.
Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы Шешенстан өкілі Зияд Сабсаби тілшілерге берген мәліметінде әйелдер мен балаларды Сирияның түкпір-түкпірінен жинағанын айтты.
Қайта оралған әйелдер РФ заңы алдына келуге дайын. Бәрі өз еркімен қайтқандарын растап, қолхат жазып берді.
Шешенстан президенті Рамзан Қадыров Instagram желісінде Сириядан оралған әйелдер мен балалардың видеосын жариялаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу