Сириядан жеткізілген 14 қазақстандықтың ісі сотқа жолданды

1196

Бұған дейін 15 адамға үкім шыққан болатын.

Сириядан жеткізілген 14 қазақстандықтың ісі сотқа жолданды

"Жусан" операциясы аясында Сириядан оралған 14 қазақстандық терроризмге қатысы бар деп айыпталып отыр, тағы 15 адам сотталған, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 14 азаматқа қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеру аяқталыпты. Оларға Сирияда ДАИШ сапында болып, террорлық әрекеттерге араласқан, өзге де ауыр қылмыстарға барған деген кінә тағылып отыр.

Қазір қылмыстық іс материалдары Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық сотына берілген.

ҰҚК ақпаратына сүйенсек, бұған дейін Сириядан жеткізілген 10 ер адам мен 5 әйел халықаралық террористік ұйым – ДАИШ әрекеттеріне қатысы бар деген факті бойвнша әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу