Сириядан жеткізілген 18 жетім баланың туыстары табылды

888

Балалардың көбі шетелде өмірге келген. 

Сириядан жеткізілген 18 жетім баланың туыстары табылды

Сириядан қайтарылған 18 жетім баланың Қазақстандағы туыстары табылды. Бұл туралы "Жусан-2" операциясына қатысты өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент басшысы Бақытбек Рахымбердиев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Алдын ала тиісті жұмыстар жүргізіліп, барлық балалардың туыстары табылды. Олар жеткіншектерді өз отбасыларына қабылдауға дайын. Баланы асырап алуға, құжаттарды қалпына келтіруге қатысты қажетті заңнамалық рәсімдер бар. Бұл шаралар орындалғаннан кейін, жетім балаларды өз жақындарының тәрбиесіне беруде ешқандай кедергі болмайды", – деді Бақытбек Рахымбердиев.

Оның айтуынша, Қазақстанға келген 156 баланың ішінде 7 жасқа дейінгі – 107 бала, 7-12 жас аралығында – 43 бала, ал 12 жастан асқан 6 бала бар.

"Балалардың жартысынан көбі шетелде өмірге келген. Жалпы, "Жусан" операциясының екінші кезеңінде елге қайтарылған азаматтар Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының, сондай-ақ Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Түркістан, Маңғыстау облыстарының тумалары болып табылады", – деді Бақытбек Рахымбердиев.

Жақында Сириядан 231 Қазақстан азаматының елге жеткізілуіне байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу