Сириядан жеткізілген келіншек 5 жылға сотталды

1338

2013 жылы күйеуі мен 3 баласын тастап, Таяу Шығыстағы лаңкестік ұйым қатарына қосылған әйел "Жусан" операциясы кезінде елге жеткізілген.

Сириядан жеткізілген келіншек 5 жылға сотталды

"Жусан" операциясымен Сириядан елге жеткізілгендердің тағы біреуі сотталды, деп хабарлайды Atameken Business.

Бұл жолы Ақтөбе соты 32 жастағы Ақмарал Алмағамбетованы 5 жылға бас бостандығынан айырды. Келіншек жазасын жеңілдету үшін тергеуге барынша көмектесуге келіскен.

Айтуынша, күйеуі мен 3 баласын тастап, ол Таяу Шығыстағы лаңкестік ұйымның қатарына 2013 жылы қосылыпты. Ал мамыр айында арнайы операциямен Қазақстанға кері жеткізіліп, жақындарын көруге мүмкіндік алған. Бірақ бірден уақытша тергеу абақтысына қамалған. Өйткені 2014 жылы қауіпсіздік құрылымы оған діни экстремизм мен терроризм әрекетіне барды және алауыздық туғызды деген айып тағып, қолға түсіруге әрекеттенген.

Бұған дейін, Ақтөбе соты "Жусан" операциясымен экстрадицияланған 29 жастағы тағы бір азаматша мен үш ер кісіні дәл осындай баппен 5 жылға соттаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу