Сирияға 300-ге жуық ресейлік әскери келді

1059

Олар күрдтердің жасағын Түркия шекарасынан әкетуге көмектеседі.

Сирияға 300-ге жуық ресейлік әскери келді

Reuters агенттігінің дерегіне сүйенсек, бұл Анкара мен Мәскеу арасындағы келісім негізінде жүзеге асырылып отыр. Тараптар Түркия Сирияның солтүстік-шығысындағы әскери операцияны тоқтатады деп келіскен. 

Құжат бойынша, ресейлік әскерилер мен сириялық шекарашылар күрд жасақтарын (YPG) Сирия-Түркия шекарасынан 30 шақырым жерге көшіруге атсалысуға тиіс.
Айта кетейік, ресми Анкара YPG мен күрд жасақтарын террорлық ұйым деп есептейді.Биліктің айтуынша, олар 1984 жылдан бері Түркияның оңтүстік-шығысында бүлік шығарып келеді.

Түркия әскері 9 қазанда сириялық күрдтер жасағының бақылауындағы аудандарға, яғни Шам елінің солтүстігіне енген болатын. Анкараның бұл әрекеті Трамптың кенеттен америкалық қарулы күштерді Сириядан шығару туралы мәлімдемесінен кейін басталған еді. 

Ал 24 қазанда YPG жетекшілік ететін сириялық демократиялық күштер Анкараға операцияны 120 сағатқа тоқтату туралы бітімге қарамастан Сирияның солтүстік-шығысындағы үш елдімекенге шабуыл жасады деп айып тақты. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу