Сирия бойынша Астана келіссөздері тоқтатылмақ

892

Астана процесінің келесі 12-раунды ақпан айында өтеді деп жоспарланған.  

Сирия бойынша Астана келіссөздері тоқтатылмақ

Астана процесі өз міндетін толық орындады. АҚШ мемлекеттік департаментінің сын-пікіріне еліміздің сыртқы істер министрлігі осылай деп жауап қатты, деп хабарлайды astanatv.kz.

"Бастапқыда Астана процесінің міндеті әскери әрекеттердің тоқатуын қамтамасыз ету болды. Бұл жұмыс аяқталу кезеңінде. Сирия мәселесін реттеудің саяси аспектілері соның ішінде конституциялық комитет құру бойынша талқылау Женевада өтетін келіссөздер пререгативасы болып табылады", - дейді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров. 

Еске салсақ, АҚШ мемлекеттік департаменті Астана мен Сочи процесі нәтижесіз және оларды тоқтау қажет деп хабарлаған еді.

Сирия жөніндегі арнайы өкіл Джеймс Джеффари 14-желтоқсанда Біріккен ұлттар ұйымының қауіпсіздік кеңесінде баяндама жасайды. Егер, осы аралықта Сирия проблемасына қатысты нақты шешімдер шықпаса, ол Сочи мен Астана келіссөздерін тоқтату қажеттігін айтады. Ал, Астана процесінің келесі 12-раунды ақпан айында өтеді деп жоспарланған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу