Сирияға соғысқа барғандардың көбі неге бір қаладан?

552

Лаңкестерді оқшаулаймыз деп, радикалды діни ағымға ерушілерді көбейтіп алдық. Бүгін сенат депутаттары осындай күдіктерін айтты.

Сирияға соғысқа барғандардың көбі неге бір қаладан? Фото: Astana TV

"Өйткені лаңкестік және экстремистік қылмысы үшін сотталғандарға арналған жалғыз түзету мекемесі бұрынғы Қарағанды облысының аумағында, Жезқазған қаласында орналасқан. Олардың артынан туыстары да көшіп барып, өзге жастарды өз ағымдарына ертіп әкетті. Салдарынан Сәтпаев пен Жезқазғаннан 50-ге жуық адам бір жылда Сирияға барды", дейді  ҚР Парламенті Сенатының депутаты Советбек Медебаев 

Сотталғандарға ұялы телефон апарып бергендер қатаң жазаланады

Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің өкілдері мұндай жағдайдың болғанын растады. Қазір ондай тұлғалар жеке түзету мекемесіне шоғырландырылмайды,- деп отыр. Бетпе-бет кездесу арқылы болмаса да, көп жағдайда онлайн байланыс арқылы да өзгелерге теріс ағымды уағыздауға болатыны рас. Ол үшін қарапайым телефон да жеткілікті. Бұл мәселеге заңға енгізілгелі отырған өзгертулер шектеу қоятын сияқты. Жаңа түзетулерге сәйкес, кез келген қылмыс бойынша жазасын өтеушіге ұялы телефон алып кірген адамға жазаны қатаңдату көзделіп отыр.

"3 жылдан 7 жылға дейін қаралады. Ал егерде ұялы телефонды қызметкер кіргізсе, қылмыстық атқару жүйесінің, онда оның жазасына тағы бір бап қосылады "қызмет бабын асыра пайдалану". Сосын оның жазасы көп болады", дейді ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу