Сириялық 6 азамат жалған құжатпен ұсталды

694

Сириялық 6 азамат жалған құжатпен ұсталды

Еліміздің шекарасын заңсыз асып өтпек болған Сирияның тағы 6 азаматы ұсталды, деп хабарлайды almaty.tv.

Олар жалған құжатпен Ұлыбританияға ұшып кетуді жоспарлаған.

Сириялықтарды "Алматы" шекара бақылауы бөлімшесінің жасағы "Тегеран - Алматы" бағытындағы рейске мінбек болған жерінен ұстады. Шетелдіктер тексеруге Болгария республикасы азаматтарының төлқұжаттарын ұсыныпты. Алты азамат Қазақстан республикасының аумағын Еуроодақ елдеріне шығу мақсатында транзит ретінде пайдаланғысы келген көрінеді.

Ұсталғандар туралы құқық қорғау органдары мен өзара әрекет етуші органдар өкілдеріне хабарланды. Еске сала кетейік, күні кеше "Астана" шекара бақылауы бөлімшесінің қызметкерлері Астана-Лондон рейсінде тексеруге Болгария азаматының құжатын тапсырған сириялық екі азаматты анықтаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу