Сириялық Алеппода жер сілкінісі салдарынан көптеген ғимараттар қирады

509

Түркияда болған жер сілкінісі Сирияда сезілді. 

 Сириялық Алеппода жер сілкінісі салдарынан көптеген ғимараттар қирады Фото: img8.eadaily.com

Сирияның солтүстігіндегі Алеппо қаласының кейбір аудандарында жер сілкінісі салдарынан біраз ғимараттар қирады, деп хабарлайды inbusiness.kz Suria телеарнасына сілтеме жасап.

"Алеппоның кейбір аудандарында, соның ішінде Фардус, Салахетдин мен Бустан Әл-Касрда көптеген ғимараттар құлады", — делінген хабарламада.

Сирияның "Әл-Ватан" газеті Хамдағы Әл-Арбаин кварталында бірнеше ғимарат құлағанын хабарлады. Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жұмыс істейді, олар зардап шеккендерді үйінділерден шығаруды бастады.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары Сирияның Латакия маңындағы бірнеше тұрғын үйдің қирағанын хабарлады. "Әл-Ватан" газеті "Дамаск пен Латакия тұрғындары қатты жер сілкіністерін сезінді" деп жазды.

Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) дүйсенбіде Түркияда Газиантеп қаласының маңында 7,5 баллдық жер сілкінісі болғанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу