Сириялық босқындарды қабылдайтын елдерде де гуманитарлық жағдай ушығып барады

661

Қазақстан Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин "Сирия мен өңірдің болашағын қолдау" атты VI Брюсельдік конференциясына қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – Сирия халқына гуманитарлық көмек көрсету бойынша тұрақты және ұзақ мерзімді шешімдерді іздеу.

Сириялық босқындарды қабылдайтын елдерде де гуманитарлық жағдай ушығып барады

Конференцияны ұйымдастырушылар – Еуропалық Одақ және Біріккен Ұлттар Ұйымы. ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррелл 90-ға жуық ел мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысқан іс-шараның төрағасы болды.

Іс жүзінде барлық спикерлер, соның ішінде БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы өкілі Гейр Педерсон Сирияда ғана емес, сонымен бірге сириялық босқындарды қабылдайтын көрші елдерде де гуманитарлық жағдайдың ушығып бара жатқанын атап өтті. COVID-19 және Ресей-Украина әскери қақтығысы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін ұшықтырады. Осыған байланысты қатысушылар халықаралық қоғамдастықты Сирия халқына және Сириядан келген босқындарды қабылдайтын елдерге гуманитарлық көмек көрсету бойынша күш-жігерді екі есе арттыруға шақырды.

А.Рахметуллин халықаралық қоғамдастық үшін басты басымдық БҰҰ аясында толыққанды саяси диалогты жаңғырту болуға тиіс екенін мәлімдеді. Ол барлық мүдделі тараптарды Сирия билігі мен оппозицияны практикалық және өзара қолайлы ымыраға әкелетін процеске қатысуға және сындарлы диалог пен Ұлттық шара арқылы Сирияның саяси болашағының формуласын анықтауға шақырды.

Қазақстандық дипломат зорлық-зомбылықтың айтарлықтай төмендеуіне алып келген Сирия бойынша Астана процесінің маңызды рөлін атап өтті. Ол сондай-ақ Қазақстанның Сирия халқына және көрші елдерге көрсеткен гуманитарлық көмегін атап өтті.

А.Рахметуллин елдегі және өңірдегі нашарлап бара жатқан гуманитарлық жағдайды назарға ала отырып, Исламдық азық-түлік қауіпсіздігі ұйымын гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі қосымша құрал ретінде пайдалануды ұсынды.

Брюссельге сапары аясында ҚР СІМ басшысының бірінші орынбасары Словения сыртқы саяси ведомствосының Мемлекеттік хатшысы Станислав Рашчанмен екіжақты кездесу өткіздіп, Қазақстан мен Словения арасындағы екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу