Сирияның 219 азаматы қаза болды

838

Әуе шабуылы кезінде Түркияның 9 бейбіт тұрғыны көз жұмды. Арасында шекаралық аймақта туған бір бала бар.

Сирияның 219 азаматы қаза болды

Түріктердің Сирияға жасаған әскери шабуылы салдарынан 219 адам қаза болды, деп хабарлайды Atameken Business.

Екі күн қатарынан "лаңкестерге қарсы шықтық" деген қарулы күштің нысанасына бейбіт тұрғындар да іліккен. Күрдтер басқаратын Сирияның демократиялық күштерінің 23 сарбазы оққа ұшқан. Түріктерді қолдайтын көтерілісшілер тобының 6 мүшесі жан тапсырды. Әуе шабуылы кезінде Түркияның 9 бейбіт тұрғыны көз жұмды. Арасында шекаралық аймақта туған бір бала да бар.

Түркияның қарулы күштері Сириямен шекаралас аймақта орналасқан осы елдің 2 қаласын қоршауға алды. Қазір өңірдегі 11 елдімекен әскерилердің бақылауында. Олар Ракка провинциясындағы өндірістік аймаққа еніп, күрдтерге қарсы шабуыл жасап жатыр. Рас-эль-Айннен қашқан жергілікті тұрғындар Хасеке провинциясына қарай ағылуда. Түріктер қауіпсіздік аймағын саламыз деген жерден екі күн ішінде 80 мың адам көшіп кетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу