Сирияның Аазаз қаласында жарылыстан 7 адам қаза тапты

569

Сирияның Аазаз қаласында жарылыстан 7 адам қаза тапты

Сирияда жарылғыш қойылған көліктің күлі көкке ұшты. Салдарынан 7 адам көз жұмып, тағы 20-дан астамы жараланған. Оқыс оқиға Түркиямен арадағы шекараға жақын орналасқан Аазаз қаласында болды.

Әзірге ешбір топ шабуылды өз мойнына алған жоқ. Алайда бұл Ирак пен Левант лаңкестік тобы жендеттерінің ісі болуы мүмкін деген күдік бар. Өйткені елдегі қастандықты негізінен солар ұйымдастырады.

Айта кетейік, Сирияда 2011 жылдан бері азаматтық соғыс жүріп жатыр. Қарулы қақтығыс 400 мыңнан астам адамның өмірін жалмады. Тағы 10 млн тұрғын үйлерін тастап, босып кетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу